Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бір қаласында сұйытылған газ 18 теңгеге қымбаттады

Ақтөбеде сұйытылған газ 18 теңгеге қымбаттап, бір литрі 77 теңге болды. Ал бензин мен дизель отынының бағасы әзірге өзгеріссіз қалып отыр. АИ-92 маркалы бензинінің литрі шамамен 200 теңге болса, дизель отынының литрі 300 теңге көлемінде сақталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аstanatv.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Мәліметтерге сенсек, өткен аптада Қазақстанда бензин, дизель отыны және сұйытылған газ бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде алып тасталды. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер мен теміржол тасымалы тарифтері де "еркін нарыққа" жіберілді. 

Тұрғындардың айтуынша, жағдайдың бәрі дұрыс болып, қаржы жеткілікті мөлшері жету керек.

"Менің ойымша, АИ-92 маркалы бензинінің бағасы 200 теңгеден аспайды. Бірақ Qazaq Oil қазірдің өзінде 200 теңгеден жоғары. 200 теңге – шекті баға. Ал АИ-95 шамамен 280 теңге деңгейінде қалса, оны қалыпты деп есептеймін”, – деді тұрғын.

Бағаны еркін жіберу жанармай тапшылығын шешуге де көмектеседі деп болжанып отыр. Ақтөбе облысы сұйытылған газдың жетіспеушілігін жиі сезінеді. Дегенмен, салалық сарапшылар бағаны шектеу тапшылықты түбегейлі жоя алмайды деп санайды. Сонымен қатар кейбір жанармай құю бекеттерінде бағаның негізсіз өсу қаупі бар. 

Ақтөбе облысы сұйытылған газ жеткізушілер қауымдастығының төрайымы Алтынай Мұханова жаңа өзгерістер халыққа ауыр тимеуі үшін әлеуметтік осал топтарға мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру қажет екенін айтады.

"Теміржол тасымалы қымбаттаса, бұл сұйытылған газ бағасының да өсуіне әкеледі. Егер газ нарықтық бағаға өтсе, бұрын болғандай, биржадағы саудаға тәуелді болып, халық үшін өте жоғары бағаға жетуі мүмкін. Халық зардап шегеді. Егер үкімет бұл өзгерістермен қатар субсидиялар бөлуді немесе жалақыны көбейтуді жоспарласа, онда мен бұған келісемін", – деді Алтынай Мұханова.



Еске салайық, бұған дейін "ҚазМұнайГаз" қаңтар айымен салыстырғанда ақпан айының басынан бері дизельдік отын мен бензиннің көтерме бағасын тиісінше 1,7% және 2,5% арттырды. Нарықтың басқа қатысушылары, соның ішінде делдалдар да жанар-жағармай бағасын көтерді. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қаңтар айының аяғындағы АИ-92 және дизель отынының шекті бөлшек сауда бағасын мемлекет реттемейтінін хабарлады. 

Талқылау