Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде психикалық ауытқулары бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген

Ақтөбеде психикалық ауытқулары бар 320 адам жүргізуші куәлігін алып, көлік айдаған. Прокурорлар тексеру барысында таңқаларлық фактілерді анықтады. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабаралайды. 

водителькое право

"Дәрігерлің комиссияның қорытындысына сәйкес, параноидты шизофрения түріндегі психикалық ауытқудың болуына байланысты жүргізуші куәлігін алып қою туралы үкім шығарылды", - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданы прокуратурасын прокуроры Земфира Кирбасова.

Прокурорлар жаппай жүргізуші куәлігін тарату туралы істі кездейсоқ анықтаған. Полицейлер әрекетін дұрыс басқара алмаған жүргізушіні ұстаған. Бастапқыда оны мас деп ойлаған, бірақ, ол шизофрениямен ауырады екен. 

Бұл ретте Психикалық денсаулық орталығы прокуратурада келтірілген мәліметтермен келіспейді. Орталық мамандарының пікірінше, 320 адамның 90 пайызы жүргізуші куәлігін 10 жыл бұрын, есепке тұрмай жатып алған немесе анықтаманы 2007 жылға дейін, электронды база болмаған кезде берген. Ал қазір мұндай әрекеттерге жол берілмейді екен.

"Мұндай болуы мүмкін емес. Олардың психикалық статусын анықтайтын дәрігерлер өздеріне қарсы айғақ осындай нәрсеге келісім беруі мүмкін емес екеніне сендіремін", - деді Психикалық денсаулық орталығы басшысының орынбасары Есенаман Нысанов.

Талқылау