Ақтөбеде прокуратура қызметкері 10 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысының прокуратура қызметкері жемқорлық бойынша күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті полковник шені бар құқық қорғау органының қызметкері прокуратура алдында ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокурорға 17 ақпан күні жұмысының алдында кісен салынды. Бейресми ақпарат бойынша күдікті 10 миллион теңге пара алған. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіп жатыр.
Ақтөбе облысының прокуратурасы қызметкердің ұсталғанын растады. Ұстау операциясы бірге жүргізілген.
“17 ақпан күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық аппараты мен Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы прокуратурасы.
- Қостанай облысының әкімі жемқорлық ісі бойынша ұсталған орынбасарының сол күні жұмыстан кеткенін айтты
- Астанада миллиардтаған теңге қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы 7 жылға жуық мерзімге сотталды
Сонымен қатар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейтінін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу басталғанын растаған еді.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді