Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мұғалім мен тіс технигі есірткі дайындаумен айналысып, куәгерді өлтірген

Ақтөбеде тарих пәнінің мұғалімі мен тіс технигі есірткі дайындап, куәгерлерін өлтіріп отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбеде тарих мұғалімі  және стоматологиялық кабинетте тіс технигі адамдармен сөз байласып, аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындаған және сақтаған.

Сонымен қатар мұғалім тіс технигіне қылмысты жасыру үшін куәларды өлтіруге тапсырма берген.

“2023 жылдың наурыз айы мен 2024 жылғы 13 қаңтар аралығында Ақтөбедегі гараж кооперативінен гаражды жалға алып, онда психотроптық заттарды дайындайтын жасырын лаборатория ұйымдастырып, "мефедронды" заңсыз дайындаған және сақтаған.
Психотроптық заттарды өткізу үшін мұғалім танысына психотроптық заттарды таратуға ұсыныс жасаған. Алайда ол ұсыныстан бас тартыпты”, – делінген сот материалдарында.

Танысы 2024 жылғы қаңтардаәкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған, сонымен қатар оның үстінен өткізу мақсатынсыз есірткі сақтау айыбымен қылмыстық іс қозғалған.

Мұғалім мен техник қылмыстары әшкере болады деп қорқып, ортақ танысты өлтіруге бекінеді. 13. қаңтарда сағат 17.00 шамасында олар сол танысын оңаша жерге алдап ертіп апарып, пышақтаған. 

“Мұғалім өзіне тағылған айыпты мойындамай, психотроптық заттарды дайындамағанын, сақтамағанын, тіс технигінің әрекеттерінен хабарсыз екенін, ешкімді өлтірмегенін, жалпы қылмыстарға қатысы жоқтығын көрсетті.
Тіс технигі де өзіне тағылған айыпты мойындамай, психотроптық заттарды дайындамағанын, сақтамағанын, гаражды тіс протездерін дайындауға пайдаланғанын айтты. Сөзінше, ол жәбірленуші танымайды, оны мұғалім өлтірді”, – делінген хабарламада.

Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға 19 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандардан жәбірленушілер пайдасына әр қайсысынан 10 миллион теңге моральдық зиян үшін өтемақы өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау