Ақтөбеде мемлекеттік мекемелер жетім балаларды қамқорлығына алды

Ақтөбеде кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер жетім балалардың есепшотына ақша аударып жатыр. Жыл басталғалы 1 мыңға жуық баланың есепшотына 12,7 миллион теңге аударылды. Жобаның басты мақсаты – балаларға, олардың интеллектуалды, физикалық, рухани және адамгершілік дамуына қолайлы жағдай жасау. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қайырымдылық шара «Бақытты бала» жобасы аясында іске асуда. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі, қайырымдылық қорлар мен халықаралық ұйымдар қатысты.

«Жобаның басты мақсаты – балаларға, олардың интеллектуалды, физикалық, рухани және адамгершілік дамуына қолайлы жағдай жасау. Оны тиімді іске асыру үшін білім басқармасы тарапынан және басқа мүдделі органдардан жақсы үйлестірілген жұмыс қажет. Біз қолымыздағы барлық мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек», – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, «Бақытты бала» жобасы 8 бағыт бойынша іске асырылады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, балабақшаларға планшет сатып алынады. Жалпы «Балалар IT әлемі» бағыты аясында жыл басынан бері интерактивті жабдықтарды, робот жинақтарын, оқу орындарының 3D принтерлерін жабдықтауға 116,7 миллион теңге бөлінді. Мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жалпы сомасы 981 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.

Жиын кезінде жетім балалардың есепшотына 12,7 миллион теңге аударылғаны белгілі болды. Жыл басынан бері барлығы 938 баланың баспаналы болуы үшін қаржы арнайы бөлініп, көмек берілді. Ал үш жетім бала өз кезегімен баспаналы болды.

Тағы оқыңыз:

Алматылық әйел ұшақтағы жолаушының өмірін құтқарып қалды

Шымкентте 21 жастағы орыс жігіті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырды

Қазақстанда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

Көк-Төбе әкімшілігі блогермен болған қақтығысқа қатысты түсініктеме берді

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр