Желіде Ақтөбедегі "мемлекеттік қызметкерлердің" арасында болған жаға жыртыстың видеосы тарады
Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлердің арасында болған жаға жыртыс түсірілген видео әлеуметтік желілерде жаппай тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік қызметкерлер мерекеге байланысты жиналған отырыста шу шығарыпты. Ауызекі ұрыс артынша төбелеске айналған.
Бейнежазба авторының айтуынша, жаға жыртыс Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінде болған. Видеода екі ер азаматтың ерегесіп, содан кейін бір-бірінің алқымынан алып жатқандығы байқалады. Оқиғаға оннан астам адам куә болыпты.
Ақтөбе қалалық ПД-де төбелес желтоқсанның 25-нен 26-сына ауған түні орын алғандығын жеткізді.
"Шу шығарған азаматтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайды. Олар бір ұйым мен дүкенде қызмет атқаратын азаматтар. "Бұзақылық" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды", - деді полицейлер.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген