Ақтөбеде ломбард атын жамылған қаржылық пирамида ұйымдастырушылары ұсталды
Ақтөбеде автокөліктерді алып-сату схемасы бойынша қаржылық пирамида ұйымдастырған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, “Auto Seller" ЖШС ломбард кейпіндегі қаржылық пирамида Ақтөбе облысының аумағында 2022 жылғы наурыз айынан бастап жұмыс жасаған. Материалдық залал сомасы 300 млн теңгеден асады.
“Ломбард қызметкерлері автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) көліктерін жоғары бағамен сатып алуды ұсынған. Нотариалды куәландырылмаған, ресми тіркелмеген, бөліп төлеуді көздейтін, сатып алу-сату шарттарын жасасқан. Содан кейін көліктер үшінші тұлғаларға төмен бағамен сатылды, ал түскен ақша өз мүлкін сатқысы келетін келесі салымшыларға төленді. "Auto Seller" ЖШС заңды мекен-жайы бойынша тінту барысында техника, заңсыз қызметке қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер және банк карталары тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сот шешімі бойынша күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.