Ақтөбеде қамаудан қашып кеткен аса қауіпті қылмыскер ұсталды
Ақтөбеде олицейлер аса ауыр қылмыс үшін айыпталған ер адамды ұстады. Күні кеше ол қамаудан қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

49 жастағы Мұрат Айтқалиев адам зорлауға және өлтіруге оқталу әрекеті үшін қамауға алынған болатын. Артынан медициналық көмек көрсету үшін тергеу изоляторынан ауруханаға жеткізген.
Ал 23 қаңтар күні таңғы уақытта Айтқалиев жедел жәрдем ауруханасынан дәрі тамызып жатқан жерінен қашып кеткен.
Денесінде пышақ жарақаттары да болды.
Қашқынды ұстау үшін арнайы топ құрылды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу) бойынша іс қозғалды. Осы әрекеті үшін қосымша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар