Полицейлер ХҚКО ғимаратына қарумен баса-көктеп кірген: Ақтөбеде жүргізуші куәлігін заңсыз беріп келген топ ұсталды (видео)
Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында түсірілген видео жарияланған. Көп ұзамай полиция видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан скриншот
Видеодан полицейлер мен арнайы киімдегі әскерилердің халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіріп кіргенін көруге болады. Көп ұзамай полиция жүргізуші куәлігін заңсыз беріп келген топтың ұсталғанын мәлімдеді.
“Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік құралдарын басқару үшін жүргізуші куәліктерін беру бойынша халыққа заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті”, – делінген хабарламада.
Тінту іс-шараларын жүргізу барысында топтың әрбір қатысушысының қылмыстық рөлін растайтын заттай дәлелдемелер алынған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әйел 20 мың теңгені ұсақтау үшін 2 500 теңге комиссия ұстаған қазақстандық банкке шағымданды
Бұл жағдай желіде де қызу талқыға түсті
"Жай мектепке қабылдамайды": Алматыда 200-ден астам ерекше бала тегін оқу мүмкіндігінен айырылу алдында тұр
Жиналыста ата-аналар мен басшылық арасында үлкен дау туындады