Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде экзотикалық шыбындар арқылы тамақ қалдықтарын өңдейтін жоба ашылды

Ақтөбеде австралиялық шыбындар мен құрттар тамақ қалдықтарын өңдейді, ал жәндіктерден құрама жем шығарылады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty TV арнасына сілтеме жасап.

құрттар

Жәндіктер австралиялық ормандардан Ақтөбенің арнайы құрылған тропикалық жағдайларына әкелінді. Мұнда құрттарды өсіру үшін инсектарий жасалды. Экзотикалық шыбындар мен құрттар қалдықтармен қоректенеді. Содан кейін жәндіктерден мал қоректенетін құрама жемге арналған концентрат өндіріледі.

"Барлығы табиғи ресурстарға негізделген. Шыбындардың қалдықтарды жейтінін жақсы білеміз. Енді мұны тиімді пайдалану үшін шыбындардың жұмыртқаларын көбейтіп, инсектарий ұстауымыз керек”, – деді кәсіпкер Бекежан Қайырғалиев.

Жобаға "Ақтөбе" ӘКК қызығушылық танытты. Жоба 2023 жылдың қыркүйегінде іске қосылады жоспарланған.

Технология қоқыстардан арылуға көмектеседі.

"Қоқыс жәшігіміздің 40-70%-ы – тамақтың қалдықтары. Енді қалдықтың бәрі пайдалы шикізатқа айналады", – дейді эко-кеңесші Айман Сексенова

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі қайталама шикізатты өңдеу нарығының әлсіздігіне байланысты шығынға ұшырайды. Мәселені шешу үшін қайта өңдеушілер бірігіп, қауымдастық құруға шешім қабылдады.

Талқылау