Ақтөбеде екі жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды
Ақтөбелік екі жасөспірі өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалдым, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 28 мамыр күні болған. Он жеті жасар студент Қарғала өзенінің бойымен келе жатып кенеттен суға батып бара жатқан баланы көріп қалады. Жас жігіт баланы құтқаруға асықты. Ол суға секіріп, баланы өзеннен алып шықты. Осы кезде оған көмекке 15 жастағы мектеп оқушысы келген.
Құтқарылған адам ес-түссіз жатқан. Ол көп мөлшерде су жұтып қойған. Жігіттер баланың жүрегіне массаж жасап, жасанды түрде тыныс алдырған. Осылайша жасөспірімдер баланың өмірін құтқарып қалды.
Көп ұзамай оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері келді, олар баланы облыстық балалар ауруханасына алып кетті.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды