Ақтөбеде арыққа құлап, ағып кете жаздаған қызды құтқарғандар марапатталды
Ақтөбеде арыққа құлап, батып кете жаздаған қызды құтқарғандар марапатталды. Оларға Төтенше жағдай министрінің атынан алғыс хат пен ақшалай сыйлық табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Айта кетейік, судың көп және екпінді болғаны сонша, оқушы қыз аяғының астындағы арықты байқамай қалған. Арықтың жан-жағы ештеңемен қоршалмаған.
Суға құлап, тұра алмай жатқан қызды абырой болғанда сол маңдағы үйлердің бірінің күзетшісі мен фитнес-орталық қызметкерлері байқап қалған. Бірден көмекке жүгіргендер оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.
“Қыз бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтті, бері қалай келді, өте алмай тұрып қалды. Мына жерде су ағып жатыр. Судан өте алмай, келді, кетті, қайта келді, есептей алмай, артқа құлады”, – деді тұрғын үй кешенінің күзетшісі Ерболат Көлжігітов.
Сурет: diapazon.kz сайтынан
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”