14 жыл бұрын жоғалып кеткен өзбекстандық әйел Нұр-Сұлтан қаласынан табылды
14 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен өзбекстандық әйел Нұр-Сұлтан қаласынан табылды. Әйел бұл уақыт аралығында түрлі жұмыс істеп келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
39 жастағы әйелді жақындары 2008 жылдан бері іздестірген. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері шетелдік азаматты рейд шаралары нәтижесінде тапқан.
"Іздеуде болған әйелдің сөзінше, Алматыға табыс табу үшін келген. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы Шымкент пен Қызылордада жұмыс істеген. Әйел құжаттарын жоғалтып алғанын айтады, осы себепті жақындарымен байланысқа шықпаған", – деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Әйел үйдегі қызметші, кафені жинастырушы сынды түрлі жұмыстарды істеген. 2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында жалдамалы пәтерде тұрған.
Көші-қон қызметкерлері Өзбекстан азаматына уақытша құжат берген. Бір ай ішінде ол еш кедергісіз еліне қайта алады.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”