Ақтөбе тұрғыны қолдан жасалған алкогольді барлар мен кафелерге бренд арақ ретінде сатқан

Ақтөбе тұрғыны су қосылған спиртті бренд сусын деп сатып, адамдарды алдаған. Ал ойын-сауық мекемелерінің иелері түпнұсқа арақты бар болғаны 1 000 теңгеге сатып алып жүрміз деп ойлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ал бар мен кафелердің иелері бір бөтелкеге небәрі 1000 теңге төлеп, “белгілі брендтің түпнұсқа арағын сатып алып жатырмыз” деп ойлаған.
29 жастағы Ақтөбе тұрғыны жалған арақ сатумен айналысатын бизнес ойлап тапқан. Ол кәсібін жүргізу үшін таза спирт сатып алып, су қосу арқылы араққа ұқсас күйге келтірген. Кейін сол сұйықтықты танымал брендтердің жапсырмасы бар бөтелкелерге құйып, жалған бақылау маркаларын жапсырып, қаладағы барлар мен кафелерге сатқан. Сатып алушылар түпнұсқа алкогольді тиімді бағада сатып алып жатырмыз деп ойлаған. Ал тұрғын өзінің жалған кәсібін жалғастыра берген. Оның бұл бизнесі 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың қарашасына дейін жалғасқан.
Алкоголь ішіп, некесіз жыныстық қатынасқа түскен жұпқа көпшілік алдында 140 рет дүре соғылды
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады
Алаяқтық әшкере болған соң ер адам сотқа тартылды. Ол қылмысқа баруына қаржылық жағдайының қиындауы себеп болғанын айтты. Айыпталушы барлар мен кафелерден бос арақ бөтелкелерінің бір данасын 50 теңгеден сатып алған. Сосын сорғы арқылы сол бөтелкелерге су қосып сұйылтылған спирт құйған. Бөтелкелердің қақпағын маркетплейстен сатып алған. Сондай-ақ жалған есепке алу-бақылау маркаларын жеткізушілерден тапқан. Қолдан жасалған арақ құятын "цехты" өз үйінде ұйымдастырып, дайын өнімді қаладағы сауда орындарына тасыған. Айыпталушы сатып алушылардың бұл өнімнің қолдан жасалғанын білмегенін, бәрін зауыттан шыққан түпнұсқа арақ деп сендіргенін айтты. Бір бөтелкені 900–1000 теңгеден сатқан, бұл нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен болған.
Ақтөбедегі Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының филиалы тәркіленген алкогольді тексеріп, құрамындағы спиртті сұйықтықтың ГОСТ талаптарына сай келмейтінін анықтады. Ал Мемлекеттік кірістер департаменті айыпталушының әрекетінен келтірілген залалды 246 мың теңге деп бағалаған. Бұл шығынды ер адам үкім шықпай тұрып өтеп берген.
Ер адам Қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-бөлігі (жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану) бойынша сотталды. Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның келтірілген залалды толық өтегенін, бұған дейін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, психиатр мен наркологтың есебінде тұрмағанын ескерді. Нәтижесінде сот онықылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда кешкі сағат 20:00-ден кейін дүкендерде алкоголь сатуға тыйым салу ұсынылған еді. Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бөлшек сауда дүкендерінде алкогольді сағат 20:00-ге, ал кафе мен мейрамханаларда 22:00-ге дейін ғана сатуға рұқсат беру керек. Магеррамов тиісті депутаттық сауалды премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған
Жаңа Конституция мен ескі Конституциядағы басты айырмашылықтар: Талдап көрейік