Екеуі қаза тауып, алтауы жараланды: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Ақтөбе облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Тағы алты адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Polisia.kz сайтынан
5 қазанда сағат, шамамен, 14:00-де Ақтөбе-Астрахань тас жолында екі көлік қатысқан жол апаты болды. Ақтөбеден Бестамақ ауылына бет алған 29 жастағы Lada Largus көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ГАЗ-5312 автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасынан Lada автокөлігінің екі жолаушысы қаза тапты. Қалған алты жолаушы Ақтөбе қаласы ауруханасына жеткізілді.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде жүргізуші екі баланы қағып, артынша қашып кеткені айтылған еді.
Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан бес адам бірдей қаза тапты
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған