Ақтөбе облысында үш жасар бала көліктің ішінде өртеніп кетті
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында автокөлік өртеніп, бір бала көз жұмды екіншісі қатты күйік алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 маусым күні Әйтеке би ауданы Еңбек ту кентінде екі бала үйдің ауласында тұрған "Ваз 2106" автокөлігінің салонында ойнаған. Полиция басқармасының мәліметінше, көлік өртеніп кетіп, балалардың біреуі көліктен шыға алмай қалған.
“Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп кетті. 7 жасар бала жанып жатқан көліктен шығып қатты күйік алған. Ал оның 3 жасар інісі көліктен шыға алмай, өртеніп кетті. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда”, – деп хабарлады облыстық полиция басқармасының бастығы Атығай Арыстанов.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті