Ақтөбе облысында ресейлік азамат жол апатынан қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан ресейлік азамат қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қыркүйек күні сағат 01:50-де 38 жастағы Ресей азаматы Toyota Camry-де Аралтоғай кенті маңындағы Самара - Шымкент автожолының 999-шы шақырымында көлікті кюветке аударып жіберген.
Жол апатынан 34 жастағы ресейлік жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. 1983 жылы туған екінші жолаушы Әйтеке би ауданының орталық ауруханасы хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды.
Аталмыш жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі “Жол ережелерін өрескел бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды