Ақтөбе облысында әйел "банк қызметкерінің" қоңырауынан кейін 10 миллион теңгеcінен қағылды
53 жастағы Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғыны алаяқпен телефон арқылы сөйлесемін деп барлық жинаған ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды “Диапазон” порталына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Оған ер адам телефон соғып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырды. Сеніміне кірген ол әйелдің шоттарын алаяқтардан қорғауды ұсынып, SMS хабарламадағы кодты айтуды сұраған. Кодты алған соң алаяқ әйелдің үш банк шотынан жинақтарын өз картасына аударып алған", – деп хабарлады Ақтөбе облысының полициясы.
Осылайша жәбірленуші 10 миллион теңгеге жуық шығынға батқан.
190-баптың 3-бөлімі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, күдіктілер іздестірілуде.
"Банк өзі ешқашан клиентке күдікті транзакциялар жайлы айту үшін хабарласпайды. Егер сізге мұндай қоңырау түссе, бірден телефонды қою керек, бұл алаяқтар болуы мүмкін", – деп еске салды полиция.
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі
Саясаттанушылар биыл ел саясатындағы болған өзгерістерге тоқталды