Ақтаулық дәрігерлер науқастың көзінен 25 жыл бұрын қалып қойған әйнек бөлшегін тапты
Дәрігерлер Ақтау тұрғынының көзінің астына көлік апаты кезінде кірген әйнекті 25 жылдан кейін алды. Ол осы уақытқа дейін сол әйнек бөлшегімен өмір сүріп келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

"1997 жылы қыз апатқа ұшырап, соның бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан. Кейін қыз есін жиып, инфраорбитальды аймақта кең тыртықпен және деформацияланған көзімен әдеттегі өмірін қайта бастаған. Алайда сол сәтсіз күндерден бері оның көзінің астында ауырсыну пайда болып, жас ағу және басқа да белгілер оның мазасын алған. Қанша дәрігерге көрініп, түрлі мамандарға жүгінсе де, еш нәтиже болмаған", – деді емханадағылар.

25 жылдан кейін Ақтаудағы жеке клиникалардың бірінің мамандары науқастың көзінің астынан көлемі 5 миллиметр болатын шыны сынығын тапты. Шыны науқастың тіндерінен қауіпсіз түрде шығарылды.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"