Ақтаулық әйел қой сүйегін жұтып қойып, 30 күн бойы қан құсқан
Ақтауда дәрігерлер 49 жастағы әйелдің кеңірдегінен қой сүйегін шығарып алды. Сүйек 30 күн бойы оның денесінде болған, бірақ қаладағы емханалардың бірінде жасалған рентген бөгде затты анықтамаған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап хабарлайды
49 жастағы әйел булығып жөтелемін және аузымнан қан шығады деп шағымданған. Оның кеңірдегінен ұзындығы 4 сантиметр болатын қойдың сүйегі алынған.
"Қызығы сол, бұған дейін Жаңаөзен емханаларының бірінде жасалған рентген бөгде затты анықтай алмапты", – деп атап өтті дәрігерлер.
Нәтижесінде қойдың сүйегін үш минуттың ішінде алып тастаған. Сүйек 30 күн бойы әйелдің тамағында тұрған.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген