Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдерге жүктіліктің неше аптасында вакцина салуға болады - Есмағамбетова түсінік берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова әйелдерге жүктіліктің неше аптасынан бастап вакцина алуға болатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

беременные вакцин

Есмағамбетова қазіргі уақытта ғалымдарымыз жүктіліктің қанша аптасында вакцина алуға болатын мерзімді қарастырып жатқанын айтты.

"Бұл мәселені, әйелдер жүктіліктің қандай аптасында вакцина алуына болатындығын анықтау үшін Иммунизация жөніндегі комиссияның қарауына енгіздік. Бірақ, тұмауға қарсы вакцинацияны мысалға алып айтар болсақ, жүкті әйелдерге 2012 жылдан бері тұмауға қарсы екпе жасап келеміз. Жүкті әйелдерге жүктіліктің 15 және одан жоғары апталарынан бастап тұмауға қарсы вакцина алуына рұқсат беріледі. Яғни, қазіргі уақытта ғалымдарымыз жүктіліктің қанша аптасында вакцина алуға болатын мерзімді қарастырып жатыр", - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Айжан Есмағамбетова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының классификациясы бойынша коронавирустың Eta штаммы үлкен қауіп төндірмейтінін айтқан еді.

Талқылау