Ақтауда жезөкшелердің коронавирус жұқтырғаны анықталды: полицейлер бұл жағдайды жасырып келген
Ақтауда жергілікті ПД-нің лауазымды тұлғалары қалада жезөкшелердің притондарын ұйымдастырған шетелдіктердің ісіне көз жұма қарағаны әшкере болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жемқорлыққа қарсы агенттіктің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлімдеді.
"Аймақта карантин режимі енгізілгеніне қарамастан полиция қызметкерлері қылмыскерлік топтың існе көз жұма қараумен қоймай, олардың әрекеттеріне қолдау көрсетіп келген. Тіпті, тәнін сатумен айналысқан шетелдік азаматшалардың коронавирус жұқтырғанын жасырған", - деді Жапақов.
87 адам басқаларынан алшақтатылыпты. Екі шетелдік азаматшанының коронавирус жұқтырғаны белгілі болыпты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізуде екен.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған