Ақтауда жас жігітті көшеде жүрген жерінен әскерге алып кетпек болған (видео)
Ақтауда әскери форма киген белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан жігітті көлікке отырғызуға тырысып, «әскери комиссариатқа» алып кетпек болған.

Бұл туралы «Лада» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Інісінің басынан өткен жайт туралы ағасы айтып берді. Ол ұсынған видеодан әскери киім киген екі ер адамның жас жігітті азаматтық көлікке отырғызуға тырысып, «әскери комиссариатқа» алып кетпек болғаны байқалады.
«Олардың неліктен қызметтік көлікпен жүрмегенін және тұрғылықты мекен жайына неліктен әскерге шақырту келмегенін сұрағанда. Олар өздерінде шақырту қағазы мен қызметтік көлік жоқ екенін айтты. Тек қандайда бір шаралардың жоспарын көрсетті», – дейді ағасы.
Басылымда атап өткендей, Ақтаудағы қорғаныс істері жөніндегі басқарма әзірге аталған жағдайға байланысты пікір білдірмеді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді