Ақтауда 15 жасар қыз бес күннен бері табылмай жатыр
Ақтауда 15 жастағы Нұрсая Құралбаева іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еріктілердің айтуынша, 15 жастағы Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданындағы Бірлік көшесіндегі жеке үйде тұрады. 15 қазан сағат 08:00 шамасында ол Ақтау қаласындағы политехникалық колледжге кетіп, содан оралмаған. Қазір оның қайда екені белгісіз.
Еріктілер полицейлермен бірге із-түссіз жоғалған қызды іздестіріп жатыр.
Ол орта денелі, шашы ашық-қара ұзын, бойы шамамен 165-170 сантиметр. Үстінде қара күртеше болған, қара шалбар және ақ жолағы бар қара кроссовка киген.
Бойжеткенге қатысты ақпарат болса, +7 (700) 911-72-92 немесе 102 телефондары арқылы хабарласу сұралады.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту