Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Аман қалғандардың бірі әкесінің жерлеу рәсімінен келе жатқан
Қазақстанда ұшақ апатынан аман қалғандардың бірі әкесінің жерлеу рәсімінен кейін үйіне қайтып бара жатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: SHOT
36 жастағы Заур Мамедов үш күн бұрын әкесінен айырылып, жерлеу рәсімінен үйіне қайтып келе жатқанда ұшақ апатына ұшыраған. SHOT басылымының хабарлауынша, ер адам Бакуде сүйіктісімен қоштасып, Ресейге ұшқан.
- Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың ішінде астаналық нотариус Гауһар Шаймерденова болған
- "Жарылыстың дыбысын естідік": Ақтаудағы апаттан тірі қалғандар ұшақтың қалай құлағанын айтып берді
Ұшақ апатынан тірі қалған тағы бір жолаушы Владивосток тұрғыны Кристина Евстигнеева қазір Ақтау ауруханасында жатыр. Оның анасы Нина Огиева қызының жағдайы туралы айтты.
"Оның жағдайы қалыпты, есін біледі. Бетінде және аяғында жарақат бар. Ең бастысы қызым тірі. Дәрігермен сөйлестім, бәрі жақсы болады деп айтты", – деді Нина Огиева.
Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ұшақтағы қазақстандықтардың барлығы көз жұмды.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.