Ақтау қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Ақтау қаласының жаңа әкімі қызметіне Ұлықбек Тналиев тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өз еркімен кеткен қала әкімі Ербол Ізбергеновтің орнына кандидатты Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ұсынған.
"ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілген жаңа Ақтау әкімі кандидаты Ұлықбек Тналиев болды", - делінген хабарламада.
Ұлықбек Тналиев бұған дейін бірнеше лауазымды қызметтер атқарған.
- 2022 жылдың маусым айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
- Оған дейін 2020 жылдан 2022 жылға дейін Қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы;
- Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі департаментінің директоры;
- Бұдан бұрын Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары;
- Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары;
- Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі