Ақтау қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екінші күн қатарынан су жоқ
Ақтаудағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан науқастың анасы судың жоқтығына шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, емдеу мекемесінде екінші күннен бері ауыз және техникалық су жоқ. Емделушілер бес литрлік бөтелкедегі ауыз суды сатып алуға мәжбүр.
"Ыдыс жууға мүмкіндік жоқ. Палата тазаланбаған. Бізге нақты ештеңе бермейді. Осындай жағдайға байланысты қолхатпен үйге барғымыз келеді, бірақ жібермейді", - деп ашуланады науқас Жазира.
Аурухана басшылығының сөздеріне қарағанда, қазіргі уақытта құбырлар ауыстырылуда, өйткені қолданыстағы құбырлар ескірген және жертөледе жиі ақау болады. Жөндеу жұмыстарының нақты аяқталу уақыты да белгісіз.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар