Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақша жеп, жер сатқан жоқ": Ырысбала Икрамбай әнші Әбдіжаппар Әлқожаға араша түсті

Танымал блогер, кәсіпкер Ырысбала Икрамбай жол ережесіне бағынбай 10 тәулікке қамалған Әбдіжаппар Әлқожаны қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Айта кетейік, оқиға 6 шілде күні болған. Сот шешімімен KIA Carnival көлігінің жолаушысы, әнші Әбдіжаппар Әлқожа тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамалған еді. 

"Біреудің тағына талассаң да, бағына таласа алмайсың! Бағын Алла бұйыртқан, халқы қолдаған бабындағы бала! Әбдіжаппар Әлқожа, жүрек-дос, сенсіз қиын бізге. Әбдіжаппар елдің ақшасын жеген жоқ, қазақтың жерін сатқан жоқ. Ешкімнің нанын тартып, несібесін ортайтқан жоқ. Өз несібесін көптің қуанышында адалынан теріп жүрген азамат!", – деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында. 



Еске салайық, әнші Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталған сәтінің видеосы тараған еді. Видеоны Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

Сондай-ақ Роза Әлқожаның ұлы Бейбарыс мас күйінде көлік жүргізіп ұсталып, 10 күнге қамауға алынды.

Талқылау