Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша мен тұмаудың байланысы анықталды

Мамандар қағаз ақшаның ауру тудыратын бактериялардың сүйікті ортасы екендігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ресейлік мамандар мәлімдеді. Сарапшылардың сөзінше, банкоматтан шығарылған не қолма-қол қағаз ақшаларда екі аптаға дейін тұмау вирусы сақталады екен. Осыған байланысты кейбір мемлекеттерде қағаз ақшаны басып шығаруда антисептикалық дәрімектер қолданылатын көрінеді. 

Бұған қоса мамандар тұмауға қатысты кең тараған пікірлердін кейбіреулерін жоққа шығарды. Айтуларынша, тұмау кезінде дене қызуы расымен көтеріледі, бірақ адам бұл ауруға шалдыққан жағдайда оның мұрны бітпейді.

Сарапшылар дене қызуы39 градустан асқан жағдайда дәрі қабылдау керектігін қосты. Сөздерінше, вирустар әсіресе қызуы көтерілген адам денесінде жылдам көбейеді. Сонымен қатар, олар дәрігердің нұсқауынсыз антибиотиктер қабылдамауға кеңес берді. Себебі бұл ем түрі бактерияларға қарсы таптырмас құрал болғанымен, вирустарды жоя алмайды. 

 

Талқылау