Ақша айырбастау орындарында қазақстандықтардың жеке мәліметін тіркейтін болады
Ұлттық банк валюта айырбастау пункттеріне валюталық операциялар кезінде қазақстандықтардың жеке мәліметтерін тіркеуді міндеттейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы мақсатта 51-тармаққа мынадай түзетулер жазылмақ:
«Әрбір айырбастау операциясы үшін тіркеу журналында келесі ақпарат жазылады: клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) (аты, әкесінің аты толық көрсетілген), құжаттың түрі, шығарылған күні, құжат нөмірі, қолданылу мерзімі); клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса); клиенттің заңды мекен-жайы.
Автоматтандырылған айырбастау пункті үшін бір рет жүргізілген айырбастау операциясының сомасы 500 000 баламасынан аспауы керек.
Бұған дейін Ұлттық банк айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын таңғы 10-дан кешкі 19-ға дейін шектемекші болғандығы туралы хабарланды.
Алдағы айда доллар тағы 7 теңгеге қымбаттай ма? Сарапшылар жауап берді
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"