Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцинаға қарсылығымен танымал болған 34 жастағы азамат коронавирустан қайтыс болды

Калифорниядағы Covid-19 екпесін мазақ етіп жүрген Hillsong шіркеуінің мүшесі Стивен Хармон коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауыр дерттен бір айдан соң қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Ер адамның Twitter мен Instagram әлеуметтік желілерінде мыңдаған жазылушылары болған, ол желіде екпеге қатысты әзілдер жазып, вакцинаға қарсы көзқарасын ашық көрсетіп келген.

34 жастағы Хармон өзін сенімі қорғап қалатынын айтып, екпе салдырудан бас тартқан.

Өлер алдында ол пандемия мен вакцина жайында әзілдеп, юморлық суреттер жариялаған және жұқпалы аурулар бойынша сарапшы Энтони Фаучиге емес, Інжіл кітапқа көбірек сенетінін айтқан. 

Covid жұқтырғаннан кейін Хармонда пневмония басталып, жылдам ауруханаға жатқызылған. Ол Лос-Анджелес қаласының жанындағы медициналық мекемелердің бірінде емделіп, сәрсенбіде сол жерде қайтыс болды.

Ер адам өлімінен бірнеше күн бұрын өзінің аурухана төсегінде жатқан суретін салған. Сәрсенбідегі соңғы жазбасында Хармон ол үшін дұға етуді өтініп, өзін ИВЛ аппаратына қосылу қажеттілігі туралы айтқан: "Мен үшін дұға етіңіздерші өтінем, олар мені жасанды тыныс алу құрылғысына қосқысы келеді. Мен қашан оянатынымды білмеймін, дұға етіңіздерші".

Қазір қайтыс болған азаматтың жеке парақшасын көру мүмкін емес, оған шектеу қойылған.

Hillsong шіркеуінің негізін қалаушы Брайан Хьюстон Хармонның Covid-тен қайтыс болғанын растады және шіркеу соңынан ілесушілерді "дәрігерлердің нұсқауларын орындауға" шақыратынын, ал вакцинаның тиімсіздігі туралы марқұмның ойы оның жеке пікірі екенін айтты. 

Талқылау