АҚШ-та вакцина еккен 55 адам көз жұмды
АҚШ-тың 55 тұрғыны коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech және Moderna өндіретін препараттарымен вакцинацияланған соң қайтыс болды, деп хабарлайды Epoch Time медициналық мекемелердің есептері мен туыстарының түсініктемелеріне сілтеме жасап.
Науқастар вакцинациядан кейін бірнеше күн ішінде қайтыс болғандығы айтылуда. Мәселен, Колорадодағы қарттар үйінің 66 жастағы тұрғыны вакцинациядан кейін ұйқышылдықты сезініп, күні бойы төсектен тұрмаған. Келесі күні таңертең оны өз төсегінде жартылай ашық қалған көзбен және аузынан көбік аққан өлі күйінде анықтаған.
Сондай-ақ,14 Қаңтарда Норвегияда Covid-19-ға қарсы Pfizer/BioNTech вакцинациясынан кейін 19 адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Вакцинация науқаны елде 2020 жылдың 27 желтоқсанында басталған еді.
Норвегияда бірінші болып Ослодағы қарттар үйінің тұрғындарына екпе жасалды. Вакцинациядан соң екі адам 5 қаңтарда қайтыс болса, 8 қаңтарда тағы бір өлім жағдайы орын алды.
Бұған дейін, 2020 жылдың желтоқсанында Еуропалық дәрілік заттар агенттігі Еуропа елдерінде қолдану үшін Pfizer/BioNTech вакцинасын, ал кейінірек Еуроодақ аумағында пайдалану үшін американдық Moderna компаниясының вакцинасын мақұлдаған болатын.
Pfizer/BioNTech вакциналарын зерттеу кезінде алты қатысушы қайтыс болды. Екі өлім вакцинацияланған топта, төртеуі плацебо тобында тіркелді.