Лотереядан 1,34 миллиард доллар ұтып алған азамат ақшаны алуға келмеген
АҚШ-та Mega Million лотереясынан 1,33 миллиард доллар ұтып алған азамат нәтиже жарияланған соң бір ай өтсе де, қаржыны алып кетуге келмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметіне сәйкес, сәтті билет Чикаго сыртындағы жанармай құю бекетінен сатып алынған. Ұйымдастырушылар жеңімпаздың атын білмейді, сондықтан тұрғындардан өз билеттерін қайта тексеруді сұрады.
"Біз бұл адамның джекпот жеңіп алғанынан хабардар екенін де білмейміз", – деді Иллинойс штаты лотерея департаментінің директоры Гарольд Мейс.
Жеңімпаз өз ұтысын 12 ай ішінде алып кете алады. Ал барлық салықтар алынған соң бұл қаржыдан тек 708,5 миллион доллар беріледі.
Mega Million лотереясында ең үлкен джекпот 2018 жылы ойнатылған. Бұл кезде Оңтүстік Каролина тұрғыны 1,537 миллиард доллар ұтып алған.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен