АҚШ саясаткері 15 жастағы қызбен сексуалдық мағынада хат жазысқаны үшін айыпталды
АҚШ демократиялық партиясынан сайланған бұрынғы конгресмен Энтони Винер 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.
Бұрынғы конгресменге 15 жастағы қызбен сексуалдық мағынада хат жазысқан деген айып тағылып отыр.
Басылым мәліметінше, саясаткердің өзі бұл әрекеті туралы мойындап, мұны өзінің “ауруы” деп атаған. “Бірақ, менде ешқандай ақталу жоқ”, – деп жазады экс-конгрессмен.
Ал Винердің әйелі Хума Абедин болса, оқиғаны ести салысымен күйеуімен ажырысуға бел буған. Хума АҚШ-тағы президенттік сайлау кезінде Хиллари Клинтонның көмекшісі болып жұмыс істеген.
Америка БАҚ-тарының мәліметінше 2016 жылы қараша айында Энтони Винер профилактикалық орталықта сексуалды тәуелділіктен ем қабылдаған.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар