АҚШ Қытай автомобильдеріне тыйым салатын ережелерді әзірлеп жатыр
АҚШ сауда министрі Джина Раймондо келесі аптада АҚШ-та қытай автомобильдеріндегі бағдарламалық жасақтама мен жабдықтарды шектейтін ережелердің дайын болатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, АҚШ сауда министрлігі көліктерде негізгі Қытай технологияларын пайдалануды шектемек.
Тыйым қабылданғаннан кейін, қытайлық автомобиль компаниялары дайын көліктерді АҚШ-қа экспорттай алмайды. Сонымен қатар, General Motors пен Ford сияқты америкалық автомобиль компаниялары да Қытайда өндірілген автомобильдерін АҚШ-қа қайта сата алмайды.
"Біз сала өкілдерінің пікірін тыңдағымыз келеді. Мұны дұрыс жасауымыз керек. Барлық шолуларды қарастырдық. Енді ережелерді енгізетін уақыт келді", – деп атап өтті Раймондо.
Қазақстан өзін электр энергиясымен толық қамтамасыз ете ала ма?: Ел неге дайын болуы керек
Маман: "Жарық өшсе қаланың қалыпты өмірін қанша уақыт сақтап қала аламыз"
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды