Ақмолада келіншек бір жарым айлық сәбиін 1 миллион теңгеге сатқан
Ақмола облысының тұрғыны өзінің 1,5 айлық нәрестесін 1 миллион теңгеге бағалаған. Келіншек бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптыға өзінің қызын сатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Облыстық криминалды полиция басқармасына заңсыз мәміле туралы шұғыл хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері 1,5 айлық сәбиді өздеріне алмақ болған бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптыны іздестіріп тапты. Белгілі болғандай, келісім Ақмола облысы аумағында ерлі-зайыпты мен нәрестенің 27 жастағы анасының арасында болған. Ол бұған дейін Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі ("Ұрлық") және 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық жауапқа тартылған", -деп атап өтті ведомство.
Полицейлер анықтағандай, нәрестенің анасына 1 млн теңге көлемінде ақша берілген. Қазіргі уақытта ақмолалық полицейлер облыстың өңірдегі үш жасқа дейінгі балаларға арналған мекеме қызметкерінің қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріп жатыр.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-тармағы бойынша ("Адам саудасы") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталмыш бапта мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады