Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында зейнетке шығуына аз уақыт қалған шенеунік пара алып ұсталды

Ақмола облысында 10 мың теңге пара алған шенеунік зейнетке шығуға аз ғана уақыт қалғанда құрыққа түсті.

8c1156c41090be7348bb6191fcf79cb8

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Бурабай ауданы тұрғынына жұмысқа орналасу үшін санитарлық кітапша қажет болған. Ол аудандық тұтынушылар құқығын қорғау комитеті санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығына өтініш білдіреді. Ол жерде әйелге медициналық қаралымнан өтіп, анализ тапсыру керектігін айтады.

Әйел бұл шаруаға үлгермейтін болғандықтан, бөлім басшысына барып жағдайды тез ретке келтіруге өтініш айтады. 61 жастағы орталықтың бөлім басшысы жұмысты тез бітіріп тастау үшін 10 мың теңге сұрайды. Әйел қалтасында небәрі 2 мың теңге бар екенін көрсетеді. Ол ақшаны алған шенеунік, қалғанын ертең әкеліп тастауды тапсырады.

Мекемеден шығып, қапелімде болған жағдайды бағамдаған әйел бірден жемқорлықпен күрес ұлттық бюросына барады. Келесі күні ол шенеуніктің қызметтік кабинетіне 8000 теңгені алып келеді. Ақшаны ала салысымен бөлім басшысы тұтқынға алынған.

Бурабай аудандық соты оны кінәлі деп танып, 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді. Ол сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды.

Талқылау