Ақмола облысында жасөспірім ер адамның бетінен теуіп, видеоға түсірген (видео)
Әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде жасөспірімдердің ер адамды тепкен видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адамды тепкен сәтін екінші жасөспірім видеоға түсіріп алған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, зардап шеккен ер адам ішімдік ішсе де, ешкімге зияны тимейді екен.
Видеоға қатысты пікір білдірген полиция өкілдері оқиғаның Ақмол ауылында болғанын мәлімдеді.
"Учаскелік инспектор ер адамның бетінен тепкен жасөспірімнің 2009 жылы туғанын анықтады. Ал мұны видеоға түсіріп алған оның ағасы, ол да 2009 жылы туған. Жәбірленуші – 1984 жылы туған жергілікті тұрғын", – делінген облыстық полиция департаментінің ақпаратында.
Бұл дерекке байланысты мектеп ішіндде тексеріс жүргізілген. Жасөспірімнің заңды өкілдері әкімшілік жауапқа тартылыпты. Ал өздерін есепке қойған. Зардап шеккен ер адам сараптамадан өтуден бас тартты.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады