Ақмола облысында суға батып кеткен журналистің мәйіті бес күннен соң табылды
Ақмола облысында суға кеткен бойжеткеннің денесі бес күннен соң Арнасай ауылының маңындағы Астана су қоймасынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

"Ақмолалық құтқарушылар 5 күн бұрын Астана су қоймасында суға батып кеткен 27 жастағы бойжеткеннің денесін тапты. Іздестіру жұмыстарына құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар (оның біреуі стационарлық эхолотпен жабдықталған) құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Сүңгуірлерге қатты жел мен су тубіндегі балдырлар кедергі келтірді", – деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, қайғылы жағдай шілденің 19-ында болған еді. Суға батқан бойжеткен сол күні су қоймасына құрбыларымен демалуға барған. Гидроциклмен жүзу кезінде ол суға құлап кеткен.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді