Ақмола облысында қонаққа барған ер адам етке қақалып жан тапсырды
Ақмола облысында астаналық ер адам етке қақалып, көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 22 наурызда болған.
"Сандықтау аудандық полиция бөліміне Астана қаласының 55 жастағы тұрғынының өлімі туралы ақпарат келіп түсті. Куәгерлердің жауабына сәйкес, марқұм ет жеп отырып қақалып, тұншыға бастаған. Алдын ала мәліметке сәйкес ер адамның өліміне тыныс жолдарына тұрып қалған тамақтың кесірінен туындаған механикалық асфиксия себеп болған", – делінген хабарламада.
Ер адам ауылдардың біріне қонаққа келген. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған