Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қарлы боранда құтқарушы өзін үсік шалғанына қарамастан жүкті әйел мен баланы іздеп тапқан

Ақмола облысында қарлы боранда жоғалған отбасын құтқару кезінде құтқарушыны үсік шалды. Бөлім бастығы өзін жеңіл үсік шалғанына қарамастан іздеуді тоқтатпай, жүкті әйел мен баласы бар көлікті іздеп тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Акмола тжд

Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Ақпаратқа қарағанда, оқиға 10 қаңтарда кешке таман Ерейментау ауданында болған. Еркіншілік ауылының тұрғындары ұлын жоспарлы тексеруден өткізу үшін аудан орталығына бармақшы болған. Салонда қолы сынған бала, жүкті анасы мен көлікті жүргізген әкесі болған.

“Бір сәтте көлік "Ерейментау-Торғай" бағытынан бұрылып кеткен, ер адам су іздеп әкелмекші болып адасып кеткен. Далада желдің жылдамдығы секундына отыз метр, көріну нөлге тең. Жолдасын ұзақ күткен әйел жедел жәрдем мен құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Ерейментау ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Амангелді Доскенов көмекке мұқтаж жандардың хабарламасын алып, дереу "Трэкол" маркалы көлікпен жолға шыққан, алайда нөлдік көріну салдарынан құтшарушыларға далада адасып қалғандарды жаяу іздеуге тура келді”, – делінген мәліметте.



Бөлім бастығы өзін жеңіл үсік шалғанына қарамастан іздеуді тоқтатпаған, жүкті әйел мен баласы бар көлікті нөлдік көріну жағдайында әзер тапқан. Қай жерде тұрғандарын әріптестеріне айтып, жол талғамайтын көлікке қарай жаяу бет алған.

“Анасы мен баласы құтқарушылардың көлігімен жедел-жәрдем қызметкерлеріне жеткізілді. Сонымен қатар, үйдің отағасы жақын маңдағы блок-бекетке аман-есен жеткен. Қуанышқа орай, құтқарылғандардың өмірі мен іштегі балаға қауіп төнген жоқ. Дауылды, аязды күндерде мұндай қуанышты оқиғалар жиі орын алады”, – деп қосты ТЖД.

Ақмола облысының ТЖД метеорологиялық жағдайлар нашарлаған жағдайда ұзақ сапарларға автомобильмен шығудан бас тартуды сұрайды. 

Бұған дейін, Қостанай облысында боран кезінде үсіп қалған әжесі мен немересінің денесі табылған еді. Олар боранда қатып қалған.

Талқылау