Қостанай облысында боран кезінде үсіп қалған әжесі мен немересінің денесі табылды
Қостанай облысында Степное ауылының шетінен әжесі мен немересінің үсіп қалған денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Наша газета басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысы төтенше жағдай департаментінің бастығы Қайрат Қасым ауыл маңынан әжей мен қыздың мәйітін тапқанын мәлімдеді. Олар боранда қатып қалған.
“Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деп атап өтті полиция департаменті.
58 жастағы Наталья Шамарова мен оның 11 жастағы Яна Салихова 26 желтоқсан сағат 7:00-де Степное ауылынан шығып оралмаған. Бір тәуліктен астам уақыт бойы жоғалған адамдарды полиция мен еріктілер іздеді. Іздеуге 120-дан астам адам жұмылдырылған еді.

Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған