Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты желдің салдарынан теміртаулықтар жарықсыз қалып, Қарағандыда жылу желілерінде ақау шықты

Қарағандыда қатты желдің салдарынан бірнеше шағын ауданда жарық сөніп, тұрғындар жылусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаланың шығыс бөлігінде электр қуатының үзілуіне байланысты су төмен нөпермен берілуде. ЖЭО-2-де қысқа тұйықталу салдарынан қазандықтар қайта іске қосылғаны айтылады.

Қарағандыда жылу желілерінде апаттық жағдай орын алды. "Қарағанды ​​Жарық" ЖШС ұжымы ақаудың сипатын анықтауда, деп жазады ekaraganda.kz.

Кәсіпорынның хабарлауынша, электр қуатының көтерілуі салдарынан Дүйсембекова көшесіндегі "Панел-Центр" жылу сорғы станциясында сорғы қондырғыларының қысқа мерзімді тоқтауы және өздігінен іске қосылуы орын алған. Осының салдарынан қысым күшейіп, Әшімова көшесінің бойындағы жылу желілерінде ақау пайда болған.



"Ақауды жоюға екі апаттық бригада мен сегіз техника жұмылдырылған. Жұмыс жедел жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қарағандыда қарлы боран салдарынан электр қуатының жаппай сөнуі байқалған.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жылу электр орталықтарын­дағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары екенін айтқан

“Өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа да құрал-жабдықтардың 80 пайызы әбден тозған. Өткен жылдарда коммуналдық шаруашылыққа салынған инвестиция бұл саланың қажетін өтеуге жеткіліксіз болды”, – деген президент.

Талқылау