Ақмола облысында екі жасар қызды жаншып өткен жүргізуші үйқамаққа алынды
Ақмола облысында екі жасар қызды жаншып өткен көлік жүргізуші үйқамаққа алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Тізгіндегі әйел енді бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қайғылы жағдай Қосшы қаласындағы "Лесная поляна" тұрғын үй кешенінің ауласында болған.
Еске салсақ, 5 сәуір күні Астана маңындағы Қосшы қаласында 2 жасар баланы көлік қағып өлтірді.
Қайғылы оқиға тұрғын үй ауласында болған. Желіде тараған видеодан аулада балалардың ойнап жүргенін көруге болады. Бір кезде ересектеу балалар доптың артынан жүгіріп кетіп, кішкентай қыз қараусыз қалған. Сол сәтте ауладан шығып келе жатқан көлік қызды басып кеткен.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев