Ақмола облысында бес жасар бала терезеден құлап кетті
Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға аймақтағы ауылдардың бірінде, жеке үйінде болған.
9 тамыз күні Аршалы ауданының полиция бөліміне ауылдық округ фельдшерінің ЖБМЖ, МШ, кеуде қуысының жарасы, сол жақтағы жіліншіктің жабық сынуы диагнозымен 5 жастағы бала дәрігерлік амбулаторияға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бес жасар баланың үйде әкесімен бірге болғандығын және қайғылы оқиғаға дейін киім ауыстыру үшін үйдің екінші қабатына көтерілгенін анықтады. Бүлдіршін өз бөлмесіндегі терезеден қараймын деп абайсызда құлап кеткен.
Полиция қызметкерлері жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналарды мұқият болуға және балаларды терезелері ашық бөлмелерде қараусыз қалдырмауға шақырады.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"