Ақмола облысында әйел телефонмен сөйлесіп, 1,1 млн теңгесінен айырылып қалды
Ақмола облысында өзін банк қызметкерімін деп таныстырған алаяқ жергілікті тұрғынды алдап, 1,1 млн теңгесін қолды қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шағым түсе салысымен, полицейлер Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жедел іздеу шаралары барысында полицейлер 23 жастағы Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының тұрғынын ұстады. Жас жігіт алаяқтықпен айналысатын бүтін бір топтың мүшесі болып шықты. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша іздестіру шаралары жалғасуда. Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар анықталуда.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?