Facebook арқылы бейтаныс адаммен сөйлескен Шымкент тұрғыны 17 миллион теңгесінен айырылды
Шымкент тұрғыны әлеуметтік желі арқылы бейтаныс азаматпен сөйлескен соң 17 миллион теңгесінен айырылғанын айтып, полицияға шағым түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің сөзінше, Facebook желісінде белгісіз біреу ұлттық компаниялардың бірінің атын жамылып, қаржы нарығында ақшасын бірнеше есеге көбейтіп беруге уәде берген. Алаяқтың айтқанына сенген әйел "Meta Trader 4" бағдарламасына қомақты қаржы салып, 17 миллион теңгесінен айырылған.
Аталған деректі "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Полицейлер мұның интернет-алаяқтың жаңа түрі екенін мәлімдеді.
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"
Түркістандық шаруалар әлі су тапшылығын көріп отыр: Шенділердің қабылдаған шаралары неге нәтиже бермеді?
Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында су тапшылығы жылдан-жылға ушығып барады