Ақмола облысында әскери қызметкер сүйген қызын өлтіріп, тонап кеткен
Ақмола облысында әскери қызметкер букмекерлік кеңседегі қарызынан құтылу үшін сүйген қызын өлтіріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
20 жастағы сарбаз сүйіктісінде қомақты ақша бар екенін білген. 200 мың теңге қарыз беруін өтініп үйіне келген. Бірақ қыз қыраз беруден бас тартқан соң, жігіт оны диванға жатқызып, жастықпен тұншықтыра бастаған. Бойжеткен есінен танып қалған соң оны су толтырылған ваннаға сүйреп апарып, батырып жіберген. Қыз көз жұмды.
“Жігіт қыздың алтын бұйымдарын, iPhone телефоны мен 180 мың теңгесі бар әмиянын, құжаттары мен банк картасын алып, шотынан бірден букмекерлік кеңсенің жеке шотына аударған", – Ақмола облыстық ҚАЖ департаментінің хабарламасында.
Сот күдіктіні 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Еске салсақ, бұған дейін желіде күйеуі аяусыз соққыға жыққан Салтанат есімді келіншектің видеосы тарағаны туралы жазған едік.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ