Ақмола облысында 95 ауыл әкімі сайланды
2021 жылдың 25 шілдесінде 95 сайлау округі бойынша ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 100 111 азамат енгізілді, олардың 75 833-і (75,75%) қатысты. Әкімдікке кандидаттар саны – 290 адам. Барлық 95 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде:
"Nur Otan" партиясы – 74 адам,
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 адам,
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 2 адам,
"Адал" саяси партиясы – 1 адам,
Қазақстанның Халық партиясы – 3 адам,
Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партия – 0 адам,
өзін-өзі ұсыну арқылы – 14 адам ұсынылды.
Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар аудандық сайлау комиссияларының интернет беттерінде орналастырылған және БАҚ-та жарияланған.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі