Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ұсталды
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ақмола облысы "Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысына қатысты тергеу жүргізілуде. Ол өзінің қызметін пайдаланып облыс кәсіпкерлерінен ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде.
14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз. Ол кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдағаны және ақшаны уақытында аударғаны үшін миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды